
Цифрлық құзыреттілік туралы түсінік
Цифрлық құзыреттілік – цифрлық технологияларды тиімді пайдалану дағдылары. Оның құрамына: ақпаратты іздеу, онлайн платформаларды пайдалану, әлеуметтік желінің функционалдығын пайдалану, мультимедиялық мазмұн жасау, т.б кіреді.
Білім берудегі негізгі тұжырымдар Блум таксономиясы және SAMR моделін басшылыққа ала отырып, педагог мамандардың цифрлық құзыреттілігін дамытуға байланысты қазақ тілінде «4 Т» моделі құрастырылды. «4 Т» моделі «түсіндіру», «түрлендіру», «тексеру» және «топтастыру» түсініктерін қамтиды.
Неліктен біз?
«4 Т» моделін жүзеге асыру мақсатында Сулейман Демирель университеті аясында ұсынылған жоба тақырыбы – «Педагогтың цифрлық құзыреттілігі: анықтау, дамыту және нәтиже». Жоба мазмұны педагог мамандардың заман талабына сай цифрлық технологияларды кешенді қолдануын, цифрлық құзыреттілікті дамыту жолдарын қамтиды. Әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілінде арнайы әзірленген платформада цифрлық құзыреттілік деңгейін анықтап, әлсіз тұстарын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізеді.
Жобаның мақсаты
Педагог мамандардың цифрлық технологияларды кешенді қолдана алу дағдыларын, цифрлық құзыреттілігін дамыту және оны анықтау мен қалыптастыруға арналған платформа дайындау арқылы цифрландыру кезеңінде әдістемені жетілдіруге өзіндік үлес қосу.
Жоба бөлімдері
Жоба үшін әзірленген платформа екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімі – цифрлық құзыреттілік деңгейін анықтайтын тест тапсыру. Тест мазмұны төрт категориядан тұрады.
Жобаның екінші бөлігі – тест нәтижесі бойынща ұсынылатын курс мазмұны. Курс мазмұны аталған төрт категория бойынша цифрлық технологияларды қолдану дағдыларын дамытуды мақсат етеді.
Курс мазмұны
- 1-категория – сабақты, жаңа тақырыпты түсіндіруде цифрлық технологияларды қолдану дағдылары бойынша онлайн платформалар туралы бейнежазба және пдф форматындағы нұсқаулықтармен танысу, практикалық жұмыстар жасау.
- 2-категория – тапсырмаларды түрлендіруде цифрлық технологияларды қолдану дағдылары бойынша тапсырмалар жүйесін (тест, эссе, дұрыс\бұрысты анықтау, ашық сұрақ, т.б) жасауға қажетті онлайн платформалар туралы бейнежазба және пдф форматындағы нұсқаулықтармен танысу, практикалық жұмыстар жасау.
- 3-категория - тексеруде цифрлық технологияларды қолдану дағдылары бойынша білімді бағалау, кері байланысты ұйымдастыру, электронды журналмен жұмыс жүргізуге қажетті онлайн платформалар туралы бейнежазба және пдф форматындағы нұсқаулықтармен танысу, практикалық жұмыстар жасау.
- 4-категория - топтастыруда цифрлық технологияларды қолдану дағдылары бойынша сабақ материалдарын жинақтайтын сайт немесе электронды оқулық, флипбук жасауға қажетті онлайн платформалар туралы бейнежазба және пдф форматындағы нұсқаулықтармен танысу, практикалық жұмыстар жасау.